Наурыздың 14-і күні Қарағанды машина жасау колледжінде ғасырдан-ғасырға келе жатқан салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Көрісу күні» амал мерекесі таңертеңгілік жиында өткізілді.
Халық арасында «Наурыз» мейрамын қарсы алу осы күннен бастау алған. Жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп қазақ тілінде тілек айтып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешірілген, араздықта болғандарын ұмыту күні екенін және бұл күннің ерекшелігін түсінді.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсететін күн болғандықтан, Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.