Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Спорт әлемінде» зияткерлік викториналық жарыс өтті

 

Бүгін, 2022 жылдың 23 ақпанында Қарағанды машина жасау колледжінде «Физикалық сауаттылық» дене шынықтыру апталығы аясында «Спорт әлемінде» зияткерлік викториналық жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты:
• Студенттердің спорттың әр саласынан білімдерін кеңейту, жүйелендіру.
• салауатты өмір салтын насихаттау;
• ой-өрісі мен танымдық белсенділіктерін арттыру.
Аталған викторинаны ұйымдастырып, жүргізген – дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Шораева К.Т.
Викторинаға 1-курс студенттері қатысып, ежелгі Олимпиада ойындарынан бастап, қазіргі Олимпиада ойындары мен чемпиондарымыз жайында өз білімдерін сынаққа салды.
Викторина 6 бөлім бойынша өткізілді:
1. Ежелгі Олимпиадалық ойындар
2. Қазіргі Олимпиада ойыны тарихынан
3. Спорт түрлері
4. Атақты олимпиадашылар
5. Қазақстан Олимпиада ойындарында
6. Олимпиадалық калейдоскоп
Әділқазы мүшелерінің шешімімен, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, ұпай саны бойынша жүлделі орындарды өзара төмендегідей бөлісті:
І орын – Асылбеков Ерасыл
ІІ орын – Жұман Аслан
ІІІорын – Болатов Шерхан
 

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 23 ақпан
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 23 ақпан
2022 жылдың 24 наурызында No52 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін колледжіміздің базасында кәсіптік сынақтар өткізілді.

2026 жылдың 24 наурызында No52 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін колледжіміздің базасында кәсіптік сынақтар өткізілді.

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 23 ақпан
2022 жылдың 24 наурызында No21 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін колледжіміздің базасында кәсіби сынақтар өткізілді.

2022 жылдың 24 наурызында No21 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін колледжіміздің базасында кәсіби сынақтар өткізілді.

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 23 ақпан
17 наурыз күні Нұркен Әбдіров атындағы ЖОББМ-де оқушыларға арналған «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті.

17 наурыз күні Нұркен Әбдіров атындағы ЖОББМ-де оқушыларға арналған «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

8 (7212) 43-01-23
krg-koll-7060@bilim09.kz
г. Караганда, ул. Ермекова, 27 Мекен-жайды картада көрсету
https://kmsk.mycollege.kz/