Оқу орнының тарихы
Қарағанды машина жасау колледжі өзінің іс – әрекетін 1954 жылдан бастады және аралығында Қарағанды тау-кен құрал-жабдықтары заводының негізінде №5 техникалық училищесінен бастап Қарағанды машина жасау колледжіне дейін өзінің даму жолын өтті. Колледж «Т және КБ білім мазмұнын жаңғырту; Inwent (Германия); Қазақстан республикасында әлеуметтік серіктестік аясындаоқыту және кәсіптік білім (Europe Aid/215181/C/SER/KZ); Inwent (Германия)» атты халықаралық және республикалық жобаларға қатысты.
«ҚР Т және КБ білім мазмұнын жаңғырту» республикалық жобасы аясында Займ туралы Келісімді жүзеге асыру барысында «Токарлық іс және металлөңдеу» мамандығын дамыту институционалды дамыту жоспары бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту банкісі арасында келісім шарт жасалынған соның аясында 2013 жылы Қарағанды машина жасау колледжі 380 мың АҚШ долларын құрайтын Грантқа ие болды.
Мамандықты институциональдыдамытуЖоспарын жүзеге асыру барысында жаңа қондырғылар, жаңаша оқу – әдістемелік материалдар алынды, токарлық іс және металлөңдеу бойынша инновациялық зертхана құралды. Колледж педагогикалық жұмыскерлері Германияда, Францияда, Беларус республикасында, Нидерланды және Финляндияда біліктіліктерін көтерді. Көп жылдардан бері «КЛМЗ» филиалы - ЖШС «Маker», «КЭР» АҚ;«КарГорМаш-М» ЖШС;«РММЗ»ЖШС;«Виталон-Т» ЖШС;«Трубодеталь»ЖШС; «Лека»ЖШС; «Корпорация Караганды-Нан»ЖШС; «Казцентрэлектропровод»ЖШС; «Карагандинский завод металлоконструкций - Имсталькон»ЖШС т.б. –лар колледжің әлеуметтік серіктестері болып табылады.
Құжаттарды қабылдау: Барлық мамандықтарға 20 маусымнан 25 тамызға дейін
Колледжде бар: Интернетке шығатын кітапхана, спорт зал,өндірістік оқытуға арналған шеберханалар, Ыңғайлы орналасуы.
|
1. Өтініш;
2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3. Туу туралы куәліктің көшірмесі жеке куәлік (2 дана);
4. Тіркеу куәлігінің көшірмесі (2 дана) – 11 сынып үшін;
5. Фото 3х4-6 дана.;
6. Көшірмесі-ЖСН
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БОЛУЫ МІНДЕТТІ:
1. Форма-0-86-У (медициналық тексеру);
2. Форма - 0-25-ші (жасөспірім балға арналған қосымша карта);
3. Форма - 063 (егу картасы, к/көшірмесі).
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ
Қарағанды қ.
Ермеков көшесі 27 үй,
45 квартал аялдамасы, темір жол вокзалына қарама-қарсы ғимарат.
телефондар: 43-01-23, 43-01-26
e-mail: kar-mash@krg-edu.kz
website: www.kgukmk.edu.kz
Толығырақ
Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.
Пікір қалдыру