2022 жылдың 22 ақпанында дене сауаттылығы апталығы аясында колледждің спорт залында үстел теннисінен жарыс өтті. «Үстел теннисі» салауатты өмір салтын насихаттайды және денсаулықты алдын алу және түзету құралы қызметін атқарады. Дұрыс дене қалпын қалыптастыруға, негізгі дене қасиеттерін: жылдамдықты, төзімділікті, күштілікті, икемділікті, ептілікті тәрбиелеуге және дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Теннисшінің дене шынықтыру жаттығулары әрбір жаттығуды орындау техникасын меңгерумен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл жарыстардың мақсаты: спортты кеңінен насихаттау және дамыту, оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға жаппай тарту.
Жаңалық
Үстел теннисінен жарыс
2022 ж. 23 ақпан