21 қаңтарда Қарағанды машина жасау колледжінде тарих пәнінің мұғалімі Ю. В. Акимова ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Іс – шараның мақсаты-қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатыстылығын қалыптастыру, дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда қолдау көрсету, көркем талғамға тәрбиелеу және жас орындаушыларды отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне тарту. Іс-шара бағдарламасы өте танымдық және мазмұнды болды, қатысушылар зейінділік, білім және шығармашылық потенциалын көрсетті.